Бүгін облыстық халықтық штаб өкілдері Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» ҚМУ ұжымымен кездесу өткізді

Жиын барысында Қазақстан Республикасындағы электр қуатының тапшылығы мәселесі талқыланды. Баяндамашы еліміздің өнеркәсібі мен экономикасын дамыту үшін атқарылуы тиіс шараларға тоқталып, алдағы 6 қазанда республика көлемінде өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Күн және жел энергиясы Қазақстанда жетекші орындарды иеленсе де, олар тұрақты электр энергиясымен дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ, энергетикалық орталықтың құрылыс барысын Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің мамандары қадағалайтыны айтылды.