Бүгін аймақтық халық штабының өкілдері Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ ұжымымен кездесу өткізді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасындағы электр қуатының тапшылығы мәселесі талқыланды. Баяндамашы еліміздің өнеркәсібі мен экономикасын дамыту үшін қандай шаралар қабылдау керектігін айтып, алдағы 6 қазанда республика көлемінде өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Күн және жел энергиясы Қазақстанда жетекші орындарға ие болғанымен, олар тұрақты электр энергиясымен дұрыс қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ, энергетикалық орталықтың құрылыс барысын Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің мамандары қадағалайтыны айтылды.