Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9, 2 қабат, 206 каб.

Астанада маңдайшалар қоюдың жаңа ережелері

2025 жылғы 15 наурыздан бастап «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда маңдайшаны қоюға рұқсат етілетінін хабарлаймыз.

Маңдайша қою үшін хабарламаны қалай беруге болады❓

Сізге ыңғайлы болу үшін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында фронт-офис жұмыс істейді, онда Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 206 кабинет мекенжайы бойынша маңдайшаны орналастыру бойынша тегін кеңес беріледі.

Хабарлама маңдайшаны орналастырудың болжанған күнінен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
📨Хабарламаға келесі құжаттар қоса беріледі:
📍маңдайшаның орналасқан жері туралы ақпаратты қамтитын ақпарат нысаны;
📍маңдайшаның эскизі.

Сонымен қатар, орфографиялық ережелерді сақтау және ақпараттың түпнұсқалығын сақтау мақсатында хабарлама жібермес бұрын сыртқы (көрнекі) ақпарат мәтінінің мазмұнын тексеру үшін «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне хабарласу керектігін жеткіземіз.

Маңдайшаның қаралған эскизін алдағы 4 жұмыс күні ішінде «Астана-Жарнама» кеңсесінен ала аласыз.

Хабарламалар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады.
Толтырылған құжаттар сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін беріледі.