город Астана, район Нура, улица Е882, здание 5 (ЖК "EsilTower"), н.п. 5

Ұйым туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы No 510-1065 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылды.

Мекеме қызметінің мәні Астана қаласының біртұтас сәулеттік-көркемдік бейнесін жүзеге асыру болып табылады.

Мекеменің қызмет бағыттары:

  1. Астана қаласының сыртқы (көрнекі) жарнамасына мониторинг жүргізу;
  2. Бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті жүзеге асыру;
  3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін және қалалық кеңістік элементтерінің басқа да көрнекі құрамдастарын орнату және демонтаждау жұмыстарын үйлестіру (тікелей іске асыру).