Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №510-1065 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылды. Мекеме қызметінің нысанасы Астана қаласының біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетін жүзеге асыру болып табылады.
Мекеменің қызмет бағыттары:
1) Астана қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнаманың мониторингі; 2) бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті жүзеге асыру; 3) қалалық кеңістік элементтерінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін және басқа да көрнекі компоненттерін орнату және демонтаждау бойынша жұмыстарды үйлестіру (тікелей жүзеге асыру).