Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері ARCHICA 2024 Бесінші Халықаралық сәулет конгресіне қатысады.

ARCHICA конгресі сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін сәулет, экономика және қала құрылысы саласындағы жетекші сарапшыларды жинайды.
Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері елорданың біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыру және жүзеге асыру тәжірибесі, елорданың дизайны қандай болатыны («Астана қаласының дизайн-коды» жобасы) туралы әңгімелейді.
Конференция сонымен қатар қала дамуы мен сәулеттің ең өзекті мәселелерін қарастырады:
ARCHICA Almaty::
• Аймақтық білім беру және ғылыми орталықтардың болашағы.
• Территориялардың инвестициялық тартымдылығын арттырудағы сәулет өнерінің рөлі.
• Инвесторлар, девелопер және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық құралдары.
• Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: мүмкіндіктер мен міндеттер.
• Сәулетшілер мен дизайнерлер үшін қосымша білім берудің жаңа платформалары.
ARCHICA Tashkent::
• Туристерді қызықтыратын сәулет нысандарын жасау.
• Қалалық бірегейлік: қазіргі заманғы мегаполистердің ДНҚ-сын не құрайды.
• Түрлі климаттық аймақтардағы тұрақты архитектуралық шешімдер және «жасыл» технологияларды біріктіру.
• Болашақ кеңселері: жұмыс кеңістігінің жаңа стандарттары.
Конгресс сәулет және қала құрылысы саласындағы жетекші сарапшылар үшін тәжірибе алмасып, тың білім мен жаңа жобаларға шабыт алатын кездесу орнына айналады.
Күндері мен орындары:
Алматы: 10-11 қазан, The Ritz-Carlton Almaty
Ташкент: 14 қазан, Hyatt Regency Tashkent
Қосымша мәліметтер: archicas.com