город Астана, район Нура, улица Е882, здание 5 (ЖК "EsilTower"), н.п. 5

Бішкек байланыста! Өзара тәжірибе алмасу

«Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шетелдік әріптестерімен байланысын нығайтуды жалғастыруда. Біздің мамандар елорданың сәулеттік келбетін жақсарту үшін тәжірибе алмасуға мүдделі.
Бүгін бейнебайланыс арқылы «Бишкекбашархитектура» (Қырғызстан) муниципалды кәсіпорын мамандарымен жан-жақты талқылау өтті. Бейнеконференцияға «Астана-Жарнама» директоры Асылбек Сабырқұлов, директордың орынбасары Шыңғыс Құсайынов және дизайн бөлімінің басшысы Тамила Ролланова қатысты. Олар Бишкекбашархитектура басшысының орынбасары Назгүл Қойбағарова, бас суретші Рысбекуұлу Сымык және қалалық дизайн бөлімінің бастығы Әйгерім Эстебесова пікір алмасты.
Талқылау тақырыбы дизайн-код және оны Бішкек және Астана қалаларында қолдану болды. Біздің мамандар жертөле қабаттарында маңдайшаларды орналастыру және жеке жарнамалық құрылымдардың форматы сияқты практикалық шешімдерге ерекше қызығушылық танытты. Бішкектегі әріптестер ғимараттардың паспорттарын дайындау және беру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ жарнама орналастыру ережелерін іске асыру барысында кездесетін проблемалық тараптарды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты және дизайн-кодты іске асырудың бірінші кезеңімен танысу үшін астаналық мамандардың Бішкекке сапары жоспарланды.