Жалпы ақпарат, білім
Ермекбай Дулат Ауғанбайұлы 1978 жылы 8 шілдеде Ақмола облысының тумасы, ұлты қазақ.
Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша (2005), Астана университетін құрылыс мамандығы бойынша (2018) бітірген.
Мансап:
Еңбек жолын 1995 жылы шаруа қожалығында бастаған.
2000-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет
2008 жылдан 2018 жылға дейін «Астана қала құрылыс кадастрлары» ҚМК/ ЖШС әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2019-2021 жылдары «Астанагорархитектура» ЖШС, «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2021-2023 жылдар аралығында әртүрлі ұйымдарда инженер, жер қатынастары және рұқсат беру құжаттамасының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
2023 жылдың шілдесінен – Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ директорының орынбасары.